№3 кітапхана-коммуникациялар орталығында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Бейбіт күн үшін мың алғыс!» атты еске алу сағаты болып өтті.
Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Еске алу сағат еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіздік жариялаумен басталды.
Шара барысында осынау зұлмат соғыс, сондай-ақ сол сұрапыл соғысты бастан өткеріп, жеңіске жеткізген ата–бабалар жайлы қысқаша баяндап өтті. Кітапхана оқырмандары А.Балабеков, Қ.Дүйсенбаев, Ү.Тлеубаева, Ә.Арыстанбекова соғысқа қатысқан аталары мен әкелері жайлы сөз қозғап, еске алды. Шара соңында кітап көрмеге шолу жасалды.