Солнечный кентінің №6 кітапхана - коммуникациялар орталығында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты патриоттық сағат болып өтті.
Бұл шараға №28 ЖОМ оқушылары, «Бірлік» әжелер клубының мүшелері және ұстаздар қатысты.
Іс-шара шымылдығы кітапханашысының мерекелік құттықтау сөзімен ашылды. Кітапханашы Отан қорғаушылар мерекесінің шығу тарихымен таныстырып, Қазақстанның қарулы күштері жайлы баяндап өтті. Одан әрі тақырыпқа сай сұрақтар қойылып, қатысушылар қойылған сұрақтарға еркін жауап беріп, өз ойларын жеткізе білді. Сондай-ақ, ұстаз Л.Чурилова мен «Бірлік» әжелер клубының мүшесі жиылған қауымды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Шара соңында тақырыпқа сай дайындалған кітап көрмемен таныстырып, көрмеге шолу жүргізілді.