Орталық қалалық кітапханада халық қаһарманы Қасым Қайсеновтің туғанына 105 жыл толуына орай «Қос қарудың иесі» атты ерлік сағаты болып өтті.
Іс-шараға ЕКиНЕУ студенттері, оқырмандар қатысты.
Шара барысында Ұлы Отан соғысының қатысушысы, халық батыры Қасым Қайсеновтің өмірбаяны туралы әңгімеленіп, кітапханашының әңгімесі слайд тізбектемелерімен сүйемелденді. «Қасым» кинофильмінен үзінді көрсетілді. Сонымен қатар ЕКиНЕУ студенттері «Қасым ата», «Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке» атты өлеңдерін оқыды. Тақырыпқа сай дайындалған кітап көрмеге шолу жасалды. Шара соңында барлығы естелікке суретке түсті.