№3 кітапхана-коммуникациялар орталығында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи оқиғасына 300 жыл толуына орай «Қазақ халқының тарихындағы ащы шындық» атты зобалаң жылдар хроникасы шарасы болып өтті.
Қазақстанның ең қайғылы кезеңінің тарихымен таныстыру, жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру және қазақ халқының өткен тарихына құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға 18 ЖОМ-нің оқушылары мен тарих пәнінің мұғалімі Дана Маханбетова қатысып, еліміздің тарихындағы айрықша ауыр кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасын тілге тиек етті. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы әнұраны «Елім-ай», сол кездегі ауыр күндердің өшпес ескерткіші болып табылатындығы жайлы еске салып өтті. Сондай-ақ, тарих пәнінің мұғалімі Дана Маханбетова «Елім-ай» жырының құндылығы және басқа да тарихи маңызы зор деректерге қысқаша тоқталып өтті.
Шара соңында «Қазақстанның дербестігі үшін күрес» атты кітап көрмеге библиографиялық шолу жасалды.