Орталық қалалық кітапханада диалог алаңы болып өтті.
Шараның алдына қойған мақсаты: Әсем Орынтаевамен мен Асхат Амангелдінің шығармашылықтарын, мемлекеттік тілді насихаттау, ұлттық құндылықтарды, азаматтық ұстанымдарын дәріптеу.
Іс-шараға Екібастұз политехникалық колледжінің студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Шара барысында кеш қонағы Әсем Орынтаева өзінің шығармашылығы, жалпы ұлттық тәрбие, ұлттық сана, қазақи тәлім-тәрбие, кітап оқудың пайдасы жайлы, сондай-ақ О. Бөкейдің «Өз отыңды өшірме», Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» т.б кітаптарын мысалға ала отырып, өте маңызды тақырып төңірегінде әңгіме қозғады. А.Амангелдінің қазақ тіліне аударған Ю.Шатуновтың әні «Қорықпа» («Не бойся») әні тыңдалды. «Сен менің жанарымның ішіндесің», «Мен қыз іздеймін» т.б. өлеңдері мен бейнебаяндары көрсетілді. Колледж студенті Т.Балташ дана Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», кітапханашы А.Сүлейменова Ф.Оңғарсынованың «Бабам – қазақ» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
«Поэзия-тіл әміршісі» кітап көрмесіне жергілікті ақындармен қоса, дүниежүзі ақындарының кітаптары қойылып таныстырылды.