№26 гимназия мектебінің қабырғасында 4 қалалық кітапхана қызметкерлері қолбасшы, атақты батыр, әйгілі шешен Сырым Датұлының 300 жылдығына орай «Қазақтың біртуар перзенті» тарихи – портрет кешін өткізді.
Шара барысында қолбасшы батыр Сырым Датұлының өмір жолымен таныстырып, «Сырым Датұлы. Тарихи тұлғалар», «Балаби мен Сырым» атты бейнебаян көрсетілді. Шара соңында тақырыпқа сай жасақталған кітап көрмеге шолу жүргізілді.