№3 кітапхана-коммуникациялар орталығы Екібастұз қаласының Құрметті азаматы, қаламыздың тұңғыш А.Құнанбаев атындағы №2 ЖОББМ-тің іргетасы болған ұстаз Бибігүл Кадренованың 100 жылдығына орай «Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік» атты тұлға сағатын өткізді.
Бұл шараға Абай Құнанбаев атындағы №2 ЖОББМ - тің оқушылары қатысты.
Шара барысында қаламыздың тұңғыш Абай Құнанбаев атындағы №2 қазақ мектебінің іргетасы болған алғашқы ұстаздардың бірі Б.Кадренқызының еңбек жолы жайлы, ұстазға қалада көше атауын берілуі туралы деректертер айтылды. Сөз кезегі №2 ЖОББМ қабырғасында Бибігүл апамыздың құрметіне ашылған кабинетінің меңгерушісі Қ.М. Калыковаға берілді.
Сонымен қатар мерейтой иесінің ғылыми жетістіктері, қоғамдық-педагогикалық қызметі туралы кітаптар, ұлағатты ұстаз жайлы мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар жинақталған көрменің тұсаукесері өтті.
Іс-шара ұстаздарға арналаған өлең жолдарымен тәмәмдалды.