№4 қалалық кітапхана қызметкерлері Қазақстанның халықжазушысы, драматург, аудармашы Дихан Әбілевтің 115 жылдығына орай «Майдангер ақын – Дихан Әбілев» атты әдеби портрет шарасын өткізді. Бұл шараға Екібастұз ИнеУ колледжінің студенттері, ұстаздары мен колледж кітапханашысы қатысты.
Іс-шара Дихан Әбілевтің «Баянтау» өлең жолдарымен басталды. Дихан Әбілевтің өмір жолы, қазақ әдебиетін дамытуға белсене қатысқандығы жайлы сөз қозғалып, «Дихан Әбілев – майдангер жазушы» атты бейнеролик көрсетілді.
Сондай-ақ, шараға студенттер ақынның Мәлік Ғабдуллинге, Мәншүк Мәметоваға, Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арнаған жырларын оқыды. Шара сонында, ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін кітап көрмеге библиографиялық шолу жасалды.