Орталық қалалық кітапхана қабырғасында 25 қазан - Республика күні қарсаңында «Арманы үлкен, азат ел» атты патриоттық сағат болып өтті.
Аталмыш шараға Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінің студенттері, ұстаздар мен кітапханашылар қатысты.
Шара барысында егемендік алған Қазақстан Республикасының дәуір құжаты, жетістіктері туралы баяндалды. Оқырмандар тарихи деректерді слайд тізбектемелері арқылы тамашалап, ҚР Конституциясы, Астана, ЭКСПО – 2017 туралы бейнероликтерді қызықтады. Сонымен қатар колледж студентері Д.Ерасыл, С.Шатаева, М.Аманжолва, Д.Мукашева, Р.Сапин, Ж.Атеев, А.Сарсембаев, М.Бельгибаев «Қазақстан», «Отан», «Астана», «Елім менің», «Республикам менің» атты өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Студенттердің оқыған өлеңдері кештің сәнін келтіріп, ерекше бір сезімге бөледі.
Шара соңында күн тақырыбына сай жасақталған Отанымыздың тарихи кезеңдерін паш ететін кітап көрмеге шолу жүргізілді. Патриоттық сағат екі тілде өткізілді.