«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында №4 кітапхананың қызметкері №33 ЖОМ-нің 9-сынып оқушыларының қатысуымен ұлт ұстазы, акын, мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы» атты әдеби сағатын өткізді.
Шара барысында А. Байтұрсынұлының өмір жолы, шығармашылығы, сондай–ақ ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беріліп, бейнеролик тамашаланды. Ақынның «Анама хат», «Оқуға шақыру» өлеңдері оқылды.
Шара соңында тақырыпқа сай кітап көрмесіне шолу жүргізілді.