Майқайын ауылдық кітапханасында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Мемлекеттік тіл – ел ырысы» атты поэзия оқулары болып өтті.
Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін биік ұстауға, тілді құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға мектеп оқушылары, ұстаздар, оқырмандар қатысты.
Іс-шара барысында А.Сапарғали «Абайдың күзгі күнін суреттеуі», А.Қинаят «Аққу, шортан һәм шаян», Н.Мереке «Үміт» жыр шумақтарын нақышына келтіріп, жатқа мәнерлеп оқып берді. Іс-шараға жиылған қауымға күн тәртібіне сай безендірілген «Тіл - әр халықтың байлығы» атты кітап көрмемен таныстырып, аталмыш көрмеге шолу жасалды.