№4 қалалық кітапханада ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай «Туым - тірегім, елтаңбам - елдігім, әнұраным – бірлігім» атты патриоттық сағат болып өтті.
Шараға №33 ЖОББМ-нің оқушылары, мектеп психологы А.Қаби қатысты.
Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранын орындауымен басталды. Шара барысында ҚР мемлекеттік рәміздер тарихынан ақпарат берілді. Сондай-ақ қатысушылар Отан, Туған ел туралы мақал-мәтелдер, өлендер айтып, «Кім алғыр» атты викториналық сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында «Туың биік, мәртебең жоғары болсын, Қазақстан» кітап көрмеге шолу өткізілді.