«Шарайна» клубы аясында 4 мамыр күні орталық қалалық кітапхана қабырғасында ақын, журналист Әсем Орынтаевамен «Әсемнің әлемі» атты кездесу болып өтті.
Шараның алдына қойған мақсаты Әсем Айтқұлқызының шығармашылығын насихаттау, мемлекеттік тілді насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, азаматтық ұстанымын жастарға үлгі ету. Іс – шараға №26 мектеп – гимназияның 9 «г» сынып оқушылары, оқырмандар, кітапханашылар қатысты.
Іс – шара 4 бөлімнен тұрды. 1 бөлім: «Шабытым шалқығанда...», 2 бөлім: «Аналар жолымен», 3 бөлім: «Жүрекпен сезін, ақылмен санас», 4 бөлім: «Қаламым менің қалауым» деп аталды.
Кездесу барысында автор өзінің өмірбаянымен, шығармашылын тілге тиек еткеннен кейін «Хош келдің, Адам!» деген өлеңін оқып берді. Сондай – ақ, кеш қонақтары қаламгердің «Ауылым», «Көңіл айнасы», «Кешір, Ана», «Жүректі аялайықшы», «Күз», «Бақыт», «Өмір» деп аталған туындыларына түсірілген бейнебаянды экраннан тамашалады. Автор қыз бала мен ер баланың тәрбиесі, ұлттық құндылықтар туралы, ата – ананы құрметтеу, білім қуу туралы ой – толғамдарымен бөлісті. Сонымен қатар, сүйікті авторларының шығармаларына тоқталып өту арқылы жастарды кітап оқуға шақырды.
Кеш барысында Әсем Айтқұлқызы оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Қаламгерді құрбылары ыстық лебіздерін білдіріп гүл дестелерін ұсынды. Іс – шараға жергілікті телеарна түсірілім жасады.