Орталық қалалық кітапхана қабырғасында қазақ өнерінің жұлдыздай жарқырап, нұр сәулесін шашқан, сыңғырлаған әсем де қоңырау үні жүздеген тыңдаушының жүрегіне жол тапқан біртуар дарын иесі, халқымыздың мақтанышы Күләш Байсейітованың 110 жылдығына орай «Экран бетіндегі кітап» библиокинотеатр жобасы аясында режиссер Жасұлан Пошановтың «Күләш» атты фильмі көрсетілді.
Кітапханашы Н.Байгаширова әншінің өнердегі өткен жолы мен шығармашылық ізденістеріне тоқталып, фильмнің түсірілу тарихы туралы баяндады. Сондай-ақ оқушылар әншінің 100 жылдығына арнайы шығарылған «Аңыз адам», «Мерейтойлық әдебиет» журналдары мен «Күләш Байсейітова», «Өнердегі өнегелі өмірлер» «Бұлбұл» кітаптарымен танысты.
Фильмді 26 ЖОМ-тің 7-сынып оқушылары тамашалады.