№3 кітапхана-коммуникациялар орталығында жерлес ақын Дихан Әбілевтің 115 жылдығына орай «Шалқыма» және «Бармақ» атты поэмаларының талқылау сағаты болып өтті.
Іс – шараға ЕКИНЕУ колледжінің студенттері шақырылды.
Шара барысында кітапхана меңгерушісі Л.Омарова жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтті. Сонымен қатар ЕКИНЕУ кітапханашысы Тельманова Хадиша ақынның алғашқы өлеңдері, сондай-ақ ақынның шығармашылық өсу жолы, шығармашылық ғұмырнамасының ең жарқын кезеңдері жайлы баяндадып берді. ҚТӘ тобының студенттері Шайманова Амина, Шарапат Дильназ, Сейтхан Нұрай, Жолдаспаева Айдана ақынның «Шалқыма», «Бармақ» атты поэмаларынан үзінді оқыды. Қаламгердің проза, әңгіме, эссе, естелік, повесть, роман сынды үлкен – кішілі жанрларына үлес қосқаны жайлы қызықты деректер келтіріліп, студенттер назарына ақын жайлы бейнеролик көрсетілді. Шара соңында кітап көрмеге шолу жасалды.