Орталық қалалық кітапхана қабырғасында көрнекті түрік жазушы, аудармашы, сценарист Нобель сыйлығының иегері Орхан Памуктың «Сезім музейі», мен «Менің атым Қырмызы» атты кітаптарының дресс-коды болып өтті.
Жастарды кітап оқуға тарту, жастардың бойында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жаңа кітаптармен таныстыру мақсатында ұйымдастырлған іс-шараға №26 гимназия мектебінің оқушылары мен ЭКИнЕУ студенттері, ұстаздар, кітапханашылар қатысты.
Көрнекілік құрал ретінде «Сезім музейі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге шолу жасалды. Жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндалып, бейнероликтерден үзінді көрсетілді. Іс-шара барысында №26 гимназия мектебінің оқушылары өздерінің сүйікті кітаптары жайында қысқаша мәлімет берді.