№3 кітапхана-коммуникациялар орталығында археология сағат болып өтті.
Іс-шараға қаламыздың тарихи-өлкетану музейінің маманы Т.К. Бейсенбаева және №18 орта мектебінің оқушылары қатысты.
Кітапхана қызметкері Л.Омарова Қазақстанның археологиясы жайлы қызықты деректермен, сондай-ақ ең танымал археологтардың жазба еңбектеріне тоқталды.
Өлкетану музейінің маманы Т.К. Бейсенбаева «Ұлытау – Алтын Орданың бесігі» ғылыми экспедициясына қатысқаны жайлы баяндап берді.