Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Бегалинова Самал Балғабайқызы Екібастұз қаласының №3 кітапхана жанындағы «Жастар WORLD» креативті шығармашылық орталығында өңірдің шығармашыл жастарымен бейресми кездесу өткізді.
Аталмыш кездесуде кітап оқу, бос уақытты тиімді өткізу, киберспорт және басқа да мәселелер талқыланды.
Самал Балғабайқызының жұмыс сапарымен қаламызға келуі ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күнімен тұспа-тұс келді. Жастарымыздың ақынның шығармаларымен етене таныс екендігі біз үшін қуантарлық жағдай.
Кездесу өте қызықты да тартымды өтті.