№3 кітапхана-коммуникациялар орталығында қазақ өнерінің жұлдыздары Латиф Хамиди мен Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына орай ақпараттық сағат өтті.
Музыка өнерін насихаттау, жастарға эстетикалық тәрбие беру, кітапханадағы өнер саласының, музыка бөлімінің кітаптарын насихаттау масқатында ұйымдастырылған іс-шараға №9 орта мектептің оқушылары мен ұстаздары, кітапханашылар қатысты.
Кітапханашы композиторлардың өмірі мен шығармашылығына, оның ішінде опера мен классикалық әндеріне ерекше тоқталып өтті.
Көрнекілік құрал ретінде тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, аталмыш көрмеге бір ғасырда бір рет туатын тарландардың «Замана бұлбұлдары», «Струны столетий», «Соловьи столетий», «Құрманғазы», «Өскен өнер», «Музыкадағы алғашқы адам», «Ән күй сапары» атты көп жылғы еңбектері қойылды.