Орталық қалалық кітапханада қазақтың қайсар ақыны Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Дауылпаз ақын» атты поэзиялық акварель болып өтті.
Іс-шараға №25 қазақ қыздар гимназиясының, №26 гимназия мектебінің оқушылары қатысты.
Шара барысында кітапханашы Н.Е.Байгаширова ақынның балалық шағы, майдан даласындағы ерлігі және шығармашылығымен таныстырды. Сонымен қатар мектеп оқушылары ақының «Нар тәуекел», «Балқаш», «Туған жер!», «Сенің алма бағыңа», «Үстімде сұр шинелім» сынды жырларын жатқа оқып, ақының өмірі жайлы деректі фильмді тамашалады.
Шара соңында кітап көрмесіне шолу жүргізілді.