№4 қалалық кітапхана қызметкерлері Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойына орай «Қыран қанатты ақын» поэзия сағатын ұйымдастырды.
Іс-шараға №33 ЖОББМ-нің 8-сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында қазақтың хас ақыны Қ.Аманжоловтың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен таныстырды. Ақының «Қазақстан», «Балдақты жігіт», «Қайда екен, қайда, Дариға, сол қыз?!», «Өзім туралы», «Ақын өлімі туралы аңыз» /поэмадан үзінді/ өлеңдері оқылды.