25 қырқүйек күні №3 кітапхана – коммуникациялар орталығында «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік іс- шара өтті.
1 қазан - Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс шараның алғы сөзін кітапхана меңгерушісі Л.Б. Омарова мен екібастұздық ақын Қайролла Дүйсенбайұлы құттықтау сөздерімен ашты. Жүргізушілер А.Б.Құспекова мен Н.А.Досымханова тақырыпқа арқау болған қарт адамдар жайлы сөз қозғап, қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан - жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалып, сондай-ақ Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы екендігін айтып өтті. Кітапхана оқырманы Дауылбаев Құрманғали атамыз немерелеріне арнап жазған бірнеше өлеңдерінен жыр шашу етті. Іс-шараның сәнін келтірген кітапханамызға ғана емес бүгінгі күні қаламызға да танымал өңірдің мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген кітапханамыздың тұрақты оқырманы Жұматов Дүйсенбай атамыз өзінің репертуарындағы «Ақбаян», «Ақбілек», «Айттым сәлем, Қаламқас» және т.б. әндерін орындап, жиылған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шара соңында қарт оқырмандарға арнайы дайындаған сыйлықтар табысталып, осылайша қарт оқырмандар көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне тарқасты.