№3 кітапхана-коворкинг орталығының ұжымы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырған «Ғасырдың ғаламат ақыны» атты онлайн поэзия кешіне қатысқан оқушыларды марапаттау рәсімін өткізді.
Аталмыш онлайн поэзия кешіне №9, 11, 18, 22, 23 жалпы орта білім беретін мектеп пен №36 мектеп-лицей оқушылары қатысты.