«Әр үйге кітаппен» атты библиотерапия жоба аясында Өлеңті ауыл кітапханашысы қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, философ Абайдың 175 жылдығына арналған «Өлең сөздің – патшасы» атты кітапхана керуені өткізілді.
Іс-шара ақынның «Көзімнің қарасы» атты әнімен бастауын тапты.
Содан соң кітапханашы ақынның өмірбаянымен шығармашылығына тоқталып өтті. Оқырмандар өздерінің сүйіп тыңдайтын өлеңімен қара сөздерін оқыды. Соңында ұйымдастырылған көрмеге шолу жүргізді.