Екібастұз ауыл кітапханасында қазақтың ұлы ақыны, ағартушы және философ Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай- біздің ұлттық ұранымыз» атты танымдық сағат өткізілді.
Кітапханашы Ә.Шақтаева ұлы ақын, ағартушы, философ Абай Құнанбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы таныстырып өтті.
Сондай-ақ оқушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқып, «Көзімнің қарасы» әнін қосылып шырқады.
Шара соңында Абай шығамаларынан ұйымдастырылған көрмеге шолу жасады.