Орталық қалалық кітапхана қабырғасында Байжанұлы Жаяу Мұсаның 185 жылдығына орай «Жігіттер, шамаң келсе маған ұқса!» атты әдеби – сазды кеш өтті.
Әдеби-сазды кешінде №25 қазақ қыздар гимназиясының 8-сынып, №26 мектептің 9 «ә» сынып оқушылары, «Естай» атындағы музыка мектебінің дәстүрлі ән бөлімінің оқушылары, кітапханашылар С.Әбікеева, З.Тулебаева, Ш.Фалеева шақырылды.
Шара басында кітапханашылар Қ.Каримова мен К.Карекина Ж.М.Байжанұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы айтып берді. Баяндама бейнематериалдар мен слайдттармен сүйемелденді.
«Естай» атындағы музыка мектебінің оқушылары Н.Бақдаулет, Ғ.Аңсат, М.Ғибрат Жаяу Мұсаның әндерін нақышына келтіріп орындап берді.
Шара соңында қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Н.Байгаширова «Жаяу Мұса - дәстүрлі әннің дүлділі» атты электронды кітап көрмемен таныстырып, шолу жасады.