Шиқылдақ ауыл кітапханасында мектеп оқушыларының қатысуымен ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік ел тұғыры» атты тарих сағаты өткізілді.
Кітапханашы Б. Базарбаева Казақстанның Тәуелсіз жылдардағы тарихы мен жетістіктері жайлы айтып беріп, «Желтоқсан көтерілісі», «Зобалаң», «Ащы шындық» атты бейнебаян үзінділерін көрсетті. Сондай-ақ оқушылар алған әсерлерімен бөлісті.
«Тәуелсіздік тірегім» атты өлең шумағын А.Базарбай оқып берді. Ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жүргізілді.