Тұңғыш Президент күніне орай №4 қалалық кітапханасының оқырман залында «Елбасы біреу – ел оған тіреу» атты тарихи-портрет өткізілді.
Іс-шараға Екібастұз қаласының медициналық колледжінің «Мергер ісі» 1 курс студенттері қатысты.
Кітапханашы С.Абрашимова студенттерді мерекемен құттықтады. Осы күннің маңыздылығына тоқталып, елбасының өмірі мен еңбек жолына арналған «Елбасы-елдің тұтқасы», «1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні», «Нұр аға» қысқаша бейнефильмдер көрсетілді.
Шара соңында «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты кітап көрмеге шолу жүргізілді.