Орталық қалалық кітапхана қабырғасында қаламызда жастар арасында әдеби орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған "Шарайна" клубының отырысы болып өтті.
Алғашқы отырыста қаламызға танымал қаламгерлер З.И. Ильин , Т. Құрманғалиев, С. Ш. Сәрсенбекова, М. Шумилова, бард – ақын И. Феоктистов және жас ақындар өздерін таныстырып өлеңдерін оқыды, авторлық әндерін гитара аспабының сүйемелдеуімен орындады.
Аға буын ақындар жас қаламгерлердің шығармашылықтарына ақ жол тіледі.