Орталық қалалық кітапхананың ақпараттық – библиографиялық бөлімінің қызметкерлері ЕКИТИ колледжінің студентеріне «Еуразия келбеті: мәдениет диалогы» атты жобасы аясында жарық көрген «Даланың соңғы ханзадасы» атты деректі фильмнің көрсетілімін өткізді.
Шара басында анықтамалық – бибилиографиялық бөлімнің меңгерушісі А.Ш. Абильбаева қатысушыларға кітапхананың көрсететін қызметтер мен оқу залының функциялары жайлы, қолданушыларға арналған мерзімді басылымдар туралы, тегін WI – FI қызметі жөнінде баяндап берді.
Содан соң энциклопедиялық сипаты бар және 27 ел бақталасқан Мәскеуде өткен Еуразиялық телефорумның Гран- приіне ие болған «Еуразия келбеті: мәдениет диалогы» жобасы жайлы әңгімеледі.
Студенттерге Шоқан Уәлихановтың көпқырлығымен таныстырып өтті.
Содан кейін қатысушылар «Даланың соңғы ханзадасы» атты бейнекітапты тамашалады.
Шара соңында «Тарих толқынындағы Қазақстан» атты кітап көрмесі жанында суретке түсті.