№3 кітапхана - коворкинг Екібастұз тарихи – өлкетану музеймен бірлесе отырып «Семей полигоны: ХХ ғасырдың апаты» атты ақпараттық сағат өткізді.
Бұл шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары мен полигон ардагері Қ. Сәбитов қатысты.
Шара барысында Семей полигоны туралы тарихи деректер беріліп, бейнеролик ұсынылды. Іс-шара қонағы К. Сәбитовке сөз беріліп, көрген оқиғаларын еске ала отырып, әңгіме өрбітті.
Шара соңында кітап көрмесіне шолу жүргізілді.