№3 кітапхана – коворкинг орталығында қаламыздың №2 емханасының 5 жылдығына және сүйікті Екібастұздың туған күніне орай «Өз денсаулығың – өз қолында» атты кездесу өткізілді.
Іс-шараға қаламыздың №2 емханасының дәргелері мен медбикелері шақырылды.
Шара басында кітапхананың библиографы А. Куспекова қонақтарды мерекемен қүттықтап, денсаулық жайлы сөз қозғады. Содан соң «Денсаулық – зор байлық» атты тақырыбынан медбике А. Балтабаева мәлімет берді, ал аға дәрігерінің орынбасары Б.Ш. Макарова және Г.Б. Мулдашбаева бүгінгі күні балалардың арасында жиі кездесетің ауруларға назар аударды, және оқырмандардың денсаулыққа қатысты қойылған сүрақтарына жауап беріп, емделу жолдары туралы түсіндірді. Шара сонында №2 емхана жайлы бейне көрініс көрсетіліп, «Будьте здоровы» - атты кітап көрмесіне шолу жасалды.