№4 қалалық кітапханасында қазақ халқының біртуар азаматы Қаныш Сәтбаевтың 120 жыл толуына орай арналған «Қаныш Сәтбаев – ХХ ғасырдың ғұлама ғалымы» атты тарихи сағат өткізілді.
Іс –шараға №33 ЖОБ мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында кітапханашы С.Б. Қамзенова академиктің өмірі мен қызмет жолдары жайлы әңгімелеп берді. Содан соң Ә. Тәжібаевтың «Монологтар» атты драмасынан, С. Сопабековтың жоқтау жырынан үзінділер оқылды. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.