«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында №6 коворкинг (Солнечный кенті) орталығының оқырман залында Қазақ ғылым академиясының Тұңғыш президенті, Мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Алғашқы Академик» атты тұлғалық сағаты өткізілді.
Іс-шараға «Мақпал» МҮ қызметкерлері, «Ақниет» әжелер ансамбілінің мүшелері және кітапхананың тұрақты оқырмандары мен №16 мектептің оқушылары шақырылды.
Кітапханашы Ж.Қ. Бектасова аса көрнекті ғалым, геолог, мемлекет қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясың ұйымдастырушысы, әрі оның тұңғыш Президенті, КСРО Ғылым Академиясының академигі Қаныш Сәтбаевтың артында қалдырған ғылыми мұраларымен және өмірбаяны туралы мәлімет берді.
Содан соң кітапхананың оқырмандары С. Асқаров, Қ. Сейтжанов, Ж. Мусин, К. Садықова алғашқы академик жайлы өздерінің білетін ақпараттарымен бөлісті, А. Илеубаевтың орындаунда «Баянауыл», «Біздің елдің жігіттері» әнін домбырамен айтып берді.
Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды, Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен қызмет жолына арналған бейнеролик ұсынылды.