Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған кешке «Бірлік» клубының мүшелері, «Ақниет» ансамбілінің мүшелері, «Мақпал» МҮ қызметкерлері, №17 «Жидек» балабақша тәрбиешілері және кітапхананың тұрақты оқырмандары шақырылды.
Шара басында Ж.Қ. Бектасова мен Ж.Т.Мунтаева Наурыз мерекесі туралы, қазақ салт – дәстүрлері туралы баяндап берді.
Мерекелік кеш барысында «Ақниет» ансамблінің, «Мақпал» МҮ – нің директоры А.Ә. Илеубаевтың, тұрақты оқырманы С.Ф. Детцельдің орындауында әндер тыңдалды. Сондай – ақ, кеш қонақтары қазақ дәстүрлерінен көрініс көрсетті.
Кеш соңында Наурыз мерекесі жайлы әдебиеттер ұсынылған кітап көрмесіне шолу жасалды.