8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні меркесіне орай өткізілген лирикалық сағатқа кітапхананың тұрақты оқырмандары шақырылды.
Шара басында кітапханашы К. Тажмағамбетова мерекенің тарихы туралы, адам өміріндегі ананың алатын орны жайлы баяндады.
Лирикалық сағат барысында қатысушылар әйел жайлы, ана жайлы қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Содан соң кітапханашы «Жыр қанатындағы арулар» атты әйел ақындардың туындалары ұсынылған кітап көрмесіне шолу жасады.