1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қарасор ауылдық кітапханасында жас ұрпақтың бойына бірлік пен татулықтың қадірін сіңіру, көпұлтты еліміздің ынтымағы мен достығын дәріптеу, көркем сөзге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Татулығымыз бір шаңырақ астында» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.
Сайыс барысында қатысушылар ел бірлігі, бейбітшілік, достық тақырыбындағы өлең-жырларды нақышына келтіре оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Жас оқырмандардың еркін де әсерлі сөз саптауы олардың тыңғылықты дайындықтарын аңғартты. Әрбір қатысушының жүрекпен жеткізген жыры көрермен көңілінен орын тауып, кештің шырайын аша түсті.