№6 кітапхана-коммуникациялар орталығының қызметкерлері тарихшы, өлкетанушы, жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Б.М. Хазыровтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ғасырлық ғұмыр» атты әдеби викторина өткізді.
Іс-шараға №28 ЖОМ 8-сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында кітапханашы оқушыларды Бикбулат Маняпович Хазыровтың өмір жолымен, шығармашылығымен таныстырып, оның ел тарихы мен руханиятына қосқан үлесі туралы мазмұнды мағлұмат берді. Әдеби викторина екі кезең бойынша өткізілді. «Кім жылдам?» кезеңінде оқушылар жазушының өмірі мен еңбектеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Ал «Ойлан, тап!» кезеңінде қатысушыларға карточкалар таратылды. Карточкада берілген сөздерді дұрыс құрастырып, жауабын табу тапсырмасы ұсынылды.
Шара тартымды әрі мазмұнды өтті.