Балалар кітабы апталығының ашылуына орай Байет ауылдық кітапханасында «Дарабоз оқырман» тақырыбында әдебиет білгірлерінің тартысты байқауы болып өтті. Шараға «Сұңқар» және «Жалын» топтары қатысып, бақтарын сынады.
Байқау бес кезеңнен тұрды. Қатысушылар «Ұтқыр болсаң, тауып көр», «Бұл қай кейіпкер?», «Тұлғаны танисың ба?», «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» сияқты тапсырмалар барысында ой ұшқырлығы мен тапқырлықтарын ортаға салды. Сайысқа топ мүшелері белсене қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Қорытындылай келе, ұпай саны бойынша басымдық танытқан «Жалын» тобы жеңіс тұғырынан көрініп, жеңімпаз атанды.
Байқау жас оқырмандардың білімін шыңдап қана қоймай, олардың рухани дамуына серпін берді.