Солнечный кентіндегі №6 кітапхана-коммуникациялар орталығында ұлтымыздың ұлы перзенті, қоғам және мемлекет қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жыл толуына орай «Оян қазақ!» атты викторина ұйымдастырылды.
Бұл шараға №28 ЖОМ 5 «ә» сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар М. Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алып, «Жас қанат» және «Жас дәурен» топтарына бөлініп жарысты. Викторина бірнеше бөлімнен тұрды: мақал-мәтелдердің жалғасын табу, жұмбақ шешу, сұрақтарға тез жауап беру және тест тапсырмаларын орындау. Іс-шара М. Дулатұлының шығармашылығына шолу жасаумен аяқталды.