Қазақстан халқы тілдері күніне орай Ақкөл ауылдық кітапханасында «Тіл – өркениеттің белгісі» атты мақал-мәтелдер сайысы өткізілді.
Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде әр топ өздерін таныстырып, тіл туралы мақалмен сөз бастады. Екінші кезеңде берілген мақалдың алғашқы жолын жалғастырып, дұрыс жауабын табуға тырысты. Сонымен қатар қатысушылар «Мыңжылдық мақал-мәтелдер» кітабынан тіл мен сөз өнеріне байланысты мақалдарды оқып берді.
Шара тартымды әрі мағыналы өтті.