№4 қалалық кітапхана қызметкерлері №33 ЖОМ қабырғасында Қазақстан халқы тілдері күніне «Ата-бабамның тілі өшпесін» атты әдеби-ойын сайысын өткізді.
Сайыс 6 кезеңнен тұрды: «Кім көп біледі», «Мақал – сөздің мәйегі», «Даналық ойдан дән ізде», «Не деу керек мұндайда?», «Біз білмейтін бір мақал», «Бәйге». Оқушылар «Барыс» және «Сұнқар» топтарына бөлініп, әр кезеңде белсенділік танытып, сұрақтарға шапшаң әрі нақты жауап беріп, тапқырлықтары мен танымдық қабілеттерін көрсете білді. Сондай-ақ, Г. Жұмағашқызы, А. Дүйсен, А. Қайрслам тіл тақырыбында жүрекжарды өлең шумақтарын оқып, іс-шараға көркемдік әр берді. Сайыс соңында қорытынды шығарылып, жеңімпаз топ анықталды.
Сонымен қатар кітапханашы кітапхана қорындағы тіл тақырыбына арналған әдебиеттермен таныстырып, кітап көрмесіне шолу жасады.