«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында №4 кітапхана қызметкерлері С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінде халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың 90 жылдығына орай әдеби сағат өткізді.
Дарабоз суреткердің артына қалдырған баға жетпес мұрасы жайлы мәлімет беріліп, «Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов» атты бейнебаян көрсетілді. Одан әрі қазақ әдебиетінің қазынасына енген Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романы туралы әңгіме өрбіді. Шығармадағы адам өміріндегі сынақтар мен таңдау, кейіпкерлер тағдырларының бір-бірімен байланысуы, қиындық пен қуаныш, үміт жайында сөз қозғалды.
Шара соңында кітапхана қорындағы жазушының кітаптарына тоқталып, қысқаша шолу жасалды.