Ұлттық кітап күніне орай №3 кітапхана-коммуникациялар орталығының қызметкерлері №18 ЖОМ кітапханасында «Кітап – ұлттық құндылық» атты әдеби кеш өткізді.
Шара барысында бұл күннің Ұлттық кітап күні ретінде ресми бекітілуі, кітаптың пайда болу тарихы, кітап басып шығару ісінің дамуы және түрлі кітап басылымдары, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы мәліметтер берілді. Оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары жайлы әсерлі әңгімелеп, оқуға кеңес берді. Іс-шара соңында оқушылар кітапқа қатысты сұрақ-жауап ойынына қатысып, өз білімдерін сынады. Шара соңында «Алтын қазына – кітап» қазақ әдебиетінің үздік туындылары мен қазіргі жастар арасында танымал кітаптарға толы кітап көрмеге қысқаша шолу жасалды.