Ұлттық кітап күніне орай орталық қалалық кітапханада «Менің рухани қазынам» атты оқырман бенефисі болып өтті.
Оқырман бенефисінде кітапхананың тұрақты да белсенді оқырманы Пономарев Виктор Георгиевич өзінің жүрегіне жақын кітаптарын тілге тиек етіп, оқыған туындыларынан алған әсерлерімен, әр кітаптың мазмұнынан түйген ой-пікірін ортаға салды.