Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Құдайкөл ауылдық кітапханасында «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» кітап көрмесі жасақталды.
Көрмеде еліміздегі түрлі этностардың мәдениеті, салт-дәстүрі мен тарихын танытатын кітаптар көпшілік назарына ұсынылды. Көрмені тамашалаушылар татулық пен бірлікті ту еткен халқымыздың ортақ құндылықтарын дәріптейтін әдебиеттермен танысып, рухани азық алды.