Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Байет ауылдық кітапханасының қызметкері ел бірлігі мен татулықтың маңызын насихаттау, көпұлтты Қазақстан халқының достығы мен ынтымағын дәріптеу мақсатында «Елдің қуаты бірлігінде» атты тақырыптық кітап көрме ұйымдастырды.
Кітапхана қызметкері көрмеге шолу жасап, әрбір кітаптың мазмұнына тоқталып, оның тәрбиелік мәнін түсіндірді.