Байет ауылдық кітапханасында Алаш қозғалысы көшбасшыларының бірі Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына орай «Алаштың ақтаңгері» атты кітап көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге Алаш қозғалысының тарихын айшықтайтын, Әлихан Бөкейханның өмір жолы, қоғамдық-саяси қызметі мен ғылыми мұрасын қамтитын құнды деректер мен еңбектері қойылды. Әрбір ұсынылған кітап пен материал ұлт азаттығы жолында күрескен тұлғаның биік болмысын, терең білімін және қайраткерлік келбетін таныта түсті.
Кітапхана қызметкері көрмеге қойылған әдебиеттерге кеңінен шолу жасап, Әлихан Бөкейханның ел тарихындағы ерекше орны мен өлшеусіз еңбегі жайында мазмұнды мәлімет берді.