Солнечный кентіндегі №6 кітапхана-коммуникациялар орталығында Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай «Ер – елінің қорғаны» атты тарих сағаты өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға Отан қорғау жолындағы ерліктің мәні мен маңызы түсіндіріліп, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың өнегелі жолы насихатталды.