Ғылым қызметкерлері күніне орай Марғұлан ауылдық кітапхана қызметкері «Ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ» атты тақырыптық сағат өткізді.
Шара барысында қатысушыларға қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің өмір жолы, ерлікке толы қызметі және ғарышқа жасаған сапары жайлы кеңінен мағлұмат берілді. Сонымен қатар, шараға арнайы жасақталған «Аспан әлемі» кітап көрмесін ұсынып, жалпы жұлдыздар әлемі және астрономия ғылымы тақырыбындағы әдебиеттермен таныстырды. Сондай-ақ оқушылар белсенділік танытып, ғарыш тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқыды.